Астана күнін мерекелеу кезінде сақтық шараларына жауапкершілікпен қараған жөн - Ержан Байтанаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана күнін мерекелеу қарсаңында Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті азаматтарды сақтық шараларын жауапкершілікпен орындауға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Комитеттің ресми өкілі Ержан Байтанаев көпшілікке адамдар жаппай жиналған орындарда маска киюді, қолды антисептиктермен өңдеу мен әлеуметтік қашықтықты сақтауды ұсынды.

«Сондай-ақ, өзіңізді және жақындарыңызды індеттен қорғау мақсатында әрбір қазақстандық тұрғыннан COVID-19-ға қарсы вакцинация мен ревакцинациядан уақытылы өтуді сұраймыз. Аурудың алдын алудағы ең тиімді жол - вакцинация. Алайда белгілі уақыттан кейін екпенің қорғаныс күші төмендеп, антиденелер жойыла бастайды. Олардың инфекциямен күресуге жеткілікті деңгейі сақталуы үшін алты айдан кейін ревакцинациядан өту аса маңызды», - деді комитет өкілі.


Соңғы жаңалықтар