Астана күні мерекесінде 100 адам медициналық айықтырғышқа жеткізілді

None
None
АСТАНА. 9 шілде. ҚазАқпарат - Астана күні мерекесін атап өту кезінде 100 адам медициналық айықтырғышқа жеткізілген. Бұл туралы қалалық Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарланды. «Үш күн мерекеде полиция қызметкерлері 250-ге жуық (соның ішінде, бейнебақылау камераларының көмегімен) әкімшілік құқық-бұзушылық (ұсақ бұзақылық, спирттік ішімдіктер ішу және мас күйінде жүру, қаланың абаттандырылған орындарына қатысты ережелер бұзу) тіркеді. Үш күннің ішінде медициналық айықтырғышқа 100 адам жеткізілді», - делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Сонымен қатар, 6-8 шілде аралығында елордалық ішкі істер департаментінің жедел басқару орталығының «102» полицияны шұғыл шақыру арнасына азаматтардан түрлі сипаттағы 5737 қоңырау келіп түскен. 365 қылмыс пен оқиға тіркеліп, соның ішінде 134-нің ізі суымай ашылды.

Соңғы жаңалықтар