Астана күні: Атырау облысының ауданында өткен концертке 5 мың көрермен жиналды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 5 шілде күні Махамбет ауданының Махамбет ауылында Астана күні мерекесі кең ауқымда аталып өтті. Аудандық әкімдік көрермендер үшін арнайы қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары - «Мұзарт» тобын шақыртқан, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі Атырау облысының аймақтық коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Аудан орталығының басты алаңына сүйікті әншілерін тыңдауға 5 мыңнан астам көрермен жиналды. Айта кетерлігі, Махамбет ауылына осы концерт үшін тек аудан емес, қалалардан да тыңдармандар келген. Әншілердің өнерінен бөлек, балалар үшін әткеншектер мен батуттар құрылып, бұқара халықтың көңілін көтеру шаралары ұйымдастырылды.

null

«Бізді осылай құттықтап жатқанына, кең ауқымдағы шаралардың ұйымдастырылып отырғанына өте қуаныштымын. Соңғы жылдары Тамара Асар, Бейбіт Қорған, Роза Рымбаева және Мақпал Жүнісова сынды әншілер ауылымызға келіп кеткен. Енді міне, «Мұзарт» келді. Нағыз әншілердің келіп өнер көрсетіп жатқаны біз үшін өте үлкен жаңалық», - дейді Махамбет ауданының тұрғыны Әйгерім Сәрсекеева.

null

Концерт барысында Махамбет ауданының еңбек ардагерлері алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

null

«Ауылдың гүлденуі мен халықтың мәдени өмірін шыңдауда Мемлекет басшысының тапсырмасына иек артамыз. Әр ай сайын қазақ эстрадасына танымал жұлдыздардың қатысуымен концерт ұйымдастырып, әлеуметтік маңызы бар инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып келеміз. Белсенді тұрғындар мен облыс әкімдігінің қолдауы зор. Бұған қоса әр апта сайын ЭКСПО-2017 көрмесіне арналған концерттерді өткізіп, арнайы ойын арқылы тұрғындарға аталған көрменің билетін табыстаймыз», - дейді Махамбет ауданының әкімі Алимұхамед Құттымұратұлы.

null

Соңғы жаңалықтар