Астана көшелеріне алғашқы паркоматтар қойыла бастады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы Нұржол желекжолында көшедегі көлік тұрақтарына ақша төлейтін алғашқы паркомат орнатылды. Алайда ол әлі байланысқа қосылған жоқ.

Астана әкімдігі Жолаушылар көлігі мен автокөлік жолдары басқармасы «Астана LRT» ЖШС-ның хабарлауынша, паркоматтарды орнату жұмыстары әлі жүріп жатыр. Жақын арада компания орнатылған аппараттардың нақты санын хабарлайды. Паркоматтар «Астана қаласының көлік тұрағы кеңістігін басқару» жобасы аясында енгізілуде, деп жазды қалалық «Вечерняя Астана» газеті.

Олардың көмегімен автосүйер қауым коммерциялық тұрақ орындары қызметінің ақысын төлей алады. Жобаның алғашқы кезеңі аясында Нұржол желекжолында 910 ақылы тұрақ орны пайда болады. Бастапқыда ақылы тұрақтарды тегін қолдануға болады. Тұрақ кеңістігін басқару жөніндегі автоматтандырылған жүйе кешенін тестілеуден өткен соң өзара төлемдер басталады. 
Еске сала кетсек, сынақ бастамасы бойынша Нұржол желегінде 910 тұрақ орны жасалады. «Астана қаласының ұрақ кеңістігін басқару» озық технологиямен жасалатын көлік тұрақтары жобасын қолға алған болатын. Жоба бойынша ақы төлеудің бірнеше жолы қарастырылған, ол кезең-кезеңмен енгізілетін болады. Атап айтқанда, қолма-қол ақшамен және арнайы паркоматтар арқылы есеп айырысу, арнайы мобильдік қосымшаның көмегімен SMS-пен және сайттағы жеке кабинет арқылы төлеу. Келер жылы сынақ жұмыстары оң нәтиже берген жағдайда Астана қаласының әкімдігі басқарылатын 9 000 жуық тұрақ орнын жасамақ. Басқарылатын тұрақ орындары 25 көшені, елорданың сол жағалауында Тұран - Сарайшық - Орынбор - Сығанақ «квадратын», оң жағалауда - Сарыарқа - Бөгенбай батыр, Республика - Есіл жағалауын қамтиды. 

Соңғы жаңалықтар