Астана көшелеріндегі жарнамалар, газет және гүл дүңгіршектері бір үлгіге келтіріледі

None
None
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Астананы одан әрі дамытуға байланысты қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасы елорда аумағындағы жарнама мен көрнекті ақпараттардың, газет және гүл павильондарының салынуы мен орналасуы ережелеріне өзгерістер әзірледі.

Кеше оны Астана қаласының мәслихат депутаттары бірауыздан қолдады. Енді жарнама билбордтар орнастырылатын орындарға байланысты белгілі бір көлемде болады және бұл газет пен гүл павильондарына да қатысты болады. Осыған орай, Сәулет және қала құрылысы басқармасы газет пен гүл дүңгіршектерінің біріздендірілген эстетикалық үлгісін әзірлеуде. Бұл туралы астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарланды.

«Астана қаласында жарнамалық құрылымдарды орналастыру мәслихатта бекітілген мынадай сызбаларды қатаң сақтай отырып жүзеге асыру ұсынылады: жарнамалық-ақпараттық нысандарды жарнамалық-ақпараттық алаңда орналастыру сызбасы - аудандық маңыздағы магистральдарда 2-ден 5 шаршы метрге дейін; қалалық маңыздағы магистральдарда 12-ден 18 шаршы метрге дейін;үшінші сызба - жарнамалық-ақпараттық алаңы 18-ден 72 шаршы метрге дейін ақпараттық жарнамалық нысандар - айналма жолдарда, қалаға кірер магистральдарда», - деді сессия барысында қалалық Сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі Виталий Силецкий.

Сыртқы жарнама да бір көргенде көз тартарлықтай әдемі, көшенің сәніне үйлесетіндей тартымды болып, сауатты жазылуы қажет. «Жарнама тасығыштар көлемімен нысандарды жауып кетпейтіндей, заман үлгісі мен қала құрылысының талаптарына сәйкес болуы қажет деген шешім қабылдадық. Мұнымен меншік иелері түгелге дерлік келісті.Алдағы уақытта жаңа құрылымдар жасалып, бұл қызмет ретке келтіріледі. Тек жарнама берушілермен шектеліп қана қалмаймыз. Газет дүңгіршектері мен гүл павиольондарын да қалада бір үлгіде жөнге келтіреміз. Біз қазір әлем назарын аударған заманауи қала тұрғызудамыз. Сондықтан жарнамалар да қазіргі технологияларға сәйкес болуы керек. Бұл бағытта біз жүйелі жұмыс жүргізіп, жаңа нысандарда талапқа сай болуына күш саламыз. Менің ойымша, бұл өте дұрыс шешім»- деді қала әкімі Иманғали Тасмағамбетов.

Соңғы жаңалықтар