Астана көшелерін тағы да жаңбыр суы басып қалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордада қала көшелеріндегі жаңбыр суын соруға 60-тан астам техника жұмылдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қала бойынша суды соруға 60-тан астам техника жұмылдырылды. Нөсер кәрізі мен тазарту құрылысын салу және қуатын кеңейту бойынша жұмыстарды қала әкімдігі жүйелі түрде жүргізіп жатыр. Мысалы, бұрын 146 проблемалық учаске нөсер салу есебінен су басу мәселесі шешілді», - деп атап өтеді елорда әкімдігінің баспасөз қызметінен.

Әкімдіктің атап өтуінше, 130 шақырымнан астам нөсер кәрізі мен арық-науа жүйесі салынды.

1 мыңға жуық бақылау, жаңбыр қабылдағыш құдығы, сондай-ақ 20 шақырым коллектор тазартылып, 6,5 мың құбыр буландырылды.

Алматы ауданында (Ш.Қалдаяқов көшесі), жаңа вокзал, Ұлы дала даңғылында және ттағы басқа жерлерде нөсер кәрізінің құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр.


Видеодан алынған кадр


Соңғы жаңалықтар