Астана командасының «Джиро дель Эмилия» жарысына қатысатын құрамы белгілі болды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Astana Qazaqstan Team велокомандасының «Джиро дель Эмилия» біркүндік жарысына қатысатын спортшылар құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz сайтына сілтеме жасап.

Веложарысқа астаналық клубтың жеті велошабандозы қатысады. Олар: италиялық Самюэле Баттистелла, Симоне Веласко, Кристиан Скарони; испандық Хавьер Ромо Оливер және Давиде де ла Круз; колумбиялық Мигель Анхель Лопез Морено және оңтүстікафрикалық Стефан де Бод.

Біркүндік жарыс бірінші қазан күні Италияда өтеді.




Фото: sports.kz






Соңғы жаңалықтар