«Астана» командасының бас бапкері Михал Билек қызметінен кетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Клуб басшылығы бас жаттықтырушы Михал Билекпен келісімшартты бұзғанын хабарлады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» ФК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Астана» футбол клубы чехиялық маманға оның еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы мансабына, соның ішінде Қазақстан ұлттық құрамасындағы жұмысына табыс тіледі.

Бас бапкердің міндетін «Питерборо» (Англия), «Вентспилс», «Рига», «Сконто» (барлығы -Латвия), «Ростов» (Ресей), «Саншайнз» (Нигерия) клубтарында бапкерлік қызмет атқарған, тәжірибесі мол маман Пол Эшуорт атқарады.

Эшуорттың «PRO» санатындағы бапкерлік категориясы бар. Оның басшылығында командалар УЕФА турнирлері аясында 30-ға жуық ойын өткізген.


Соңғы жаңалықтар