«Астана-Көкшетау» тас жолында апаттан аман қалған үш жасар баланың туыстары табылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желінің көмегімен «Астана-Көкшетау» тас жолындағы жан түршігерлік жол апатынан аман қалған үш жасар Даниланың туыстары табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Аса мейірімді жандар, сіздерге алғысым шексіз! Жарияланымдардың арқасында барлық мәселе шешілді. Баланы тауып алған Кирилл сіздерге рақмет айтады. Соңғы деректер бойынша, ұлдың әкесі оқиға орнына келе жатыр. Хабар күтіп отырмыз», - деп хабарланды Инстаграмдағы @ club_dobryakov_astany парақшасында.

Еске сала кетсек, «Астана-Көкшетау» күре жолында бірнеше көлік соқтығысып, салдарынан төрт адам көз жұмды. «ҚазАқпарат» ХАА тілшісіне облыстық жол-патрульдік полициясының баспасөз қызметінен мәлім еткендей, жол апаты кеше сағат 13:40 шамасында «Астана-Көкшетау» күре жолының 245-шақырымында орын алған.

Сондай-ақ, оқиғадан соң әлеуметтік желілерде апат кезінде құтқарылған үш жасар бала туралы ақпарат тарай бастады.  Оқиға куәгерлерінің жазуынша, олар ұл баланы апат салдарынан майысқан көліктің ішінен оған жолаушылар автобусы соғылардан бірер секунд бұрын ғана шығарып алған. Олар баланы Макинск қаласындағы жақын орналасқан ауруханаға жеткізген.

Соңғы жаңалықтар