«Астана» клубы қатарына футболшы қыздарды тартуда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2019 жылдан бастап «Астана» футбол орталығында қыздар тобы жасақталуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» ФК сайтына сілтеме жасап.

«Қыздардан топ жасақтау Қазақстан футбол федерациясының «Алға, Qazaqstan! Алға, футбол!» даму стратегиясы жобасы аясында жүзеге асып отыр. 2019 жылдан бастап сертификаттау ережесіне сәйкес отандық клубтардың футбол орталықтарында қыздар тобы құрылатын болады. Бұл шешім еліміздегі әйелдер футболын дамыту және кеңінен насихаттау аясында енгізілді», - делінген хабарламада.

Дәл қазіргі уақытта топта 2006-2007 жылы туған қыздар дайындалуда. Команданы кәсіби түрде футболмен айналысқан, өз кезегінде Қазақстан жастар құрамасына шақырту алған тәжірибелі маман Махаббат Досжанова жаттықтыруда.

Елорда футбол орталығында дайындалғысы келетін қыздардың қатары күн сайын артып, жаңа спортшылар іріктелуде. Болашақта олар республикалық жарыстарда «Астана» командасының намысын қорғайтын болады.

Соңғы жаңалықтар