Астана əкімдігі жедел жəрдем стансасындағы дау туралы айтты

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қалалық жедел медициналық жәрдем стансасының айналасында болып жатқан мәселеге байланысты арнайы комиссия құрылып, олар істің мән-жайын анықтауға кірісті. Бұл туралы ҚазАқпарат Астана әкімдігі баспасөз қызметінің жетекшісі Эльмира Жүргенбаеваға сілтеме жасап хабарлайды

Желідегі «Астана, хочу похвалить/пожаловаться» тобына «Қалалық жедел медициналық жәрдем стансасы» кәсіпорны ұжымының Астана әкімі Әсет Исекешевке жолдаған үндеуі жарияланған. Жазбада басшылықтың қызметкерлерді қудалап жатқандығы айтылған. Сонымен қатар жазба авторлары соңғы аптада 13 қызметкердің жұмыстан өз еркімен кету туралы өтініш жазғанын айтады. Ұжым өкілдерінің сөзінше, мұндай жағдай олардың ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің төрағасы А.Шпекбаевқа жазған хатынан кейін басталған.

Бұл жазбаға қатысты Астана әкімдігінің баспасөз қызметінің хатшысы Э.Жүргенбаева түсініктеме берді.

«Осы себепке байланысты арнайы комиссия құрылып, жағдайдың мән-жайы анықталуда. Түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Жағдай тұрақтанды, қазір комиссияның ақырғы шешімін күтіп отырмыз. Ешкім де жауапкершіліктен кетпейді. Бәрі бақылауда»-деді жетекші.

Соңғы жаңалықтар