Астана қауіпсіздіктің жаңа платформасын орнатып жатыр - әзербайжандық саясаттанушылар

None
None
БАКУ. ҚазАқпарат - Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың АҚШ-қа сапары мен Президент Дональд Трамппен жүргізген келіссөздері тараптардың екіжақты қарым-қатынастарды дамытудағы өзара мүдделілігін көрсетті, дейді әзербайжандық саясаттанушылар Тофик Аббасов. Ол осы пікірімен «ҚазАқпарат» ХАА тілшісімен бөлісті.

«Келіссөздер қорытындысы Қазақстанның әлемдегі геосаяси және геоэкономикалық рөлінің өсіп жатқанын көрсетеді. Астана интеграциялық үдерістерді әртараптандыруға әрдайым үлес қосуда, қазіргі қауіп-қатерлерді дер кезінде аңғара отырып, қауіпсіздіктің жаңа платформасын орнатуда. Өзара әрекеттестіктің инновациялық бағдарламалары қорын жинақтап, серіктестерге қарсы қадамдар жасап жатыр», - деп есептейді Аббасов.

«ҚР Президенті елдегі инновациялық жобаларды таныстырып және оларға бастамашылық ете отырып, ұлттық дамудың айшықты үлгісін көрсетті», - деп атап өтті саясаттанушы.

Тофик Аббасовтың айтуынша, Сирия мәселелесін шешудегі Астана процесінің барысы мен табысты нәтижесі Таяу Шығыстағы жағдайға оң ықпал етті. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Қазақстанның төрағалық етуі де кездейсоқтық емес, деді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар