«Астана» кәсіби клубы жеңістің жаңа шыңын бағындыратын трамплин болмақ - Н. Назарбаев

None
None
АСТАНА. 4 шілде. ҚазАқпарат - «Астана» кәсіби клубы жеңістің жаңа шыңын бағындыратын трамплин болмақ. Бүгін елордада «Астана» президенттік кәсіби спорт клубының салтанатты тұсау кесері барысында сөз сөйлеген Мемлекет басшысы, клубтың құрметті президенті Н. Назарбаев осылай мәлімдеді.

«Лондон олимпиадасы біздің спорттық стратегиямыздағы жетістікті әлемге паш етті. Алайда, біз бұған тоқмейілсіп, тоқтап қалмауымыз керек. Чемпион ұдайы жаттығуда болуы керек. Сондықтан да, спортты дамытудың бұл бағытында барлық ресурстарды интеграциялай отырып, одан да жоғары кәсіби деңгейге көтерілуге тиіспіз. Ендеше, «Астана» президенттік кәсіби клубы жеңістің жаңа шыңын бағындыратын трамплин болмақ», - деді Н. Назарбаев. Сонымен қатар, Елбасы мұндай кәсіби клубтар көптеген елдерде құрылғанын, олардың жетістіктері де зор екенін атап өтті.

Соңғы жаңалықтар