«Астана» қаржы орталығының ЭКСПО-ға қашан көшетіндігі белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығы ЭКСПО аумағындағы негізгі кеңсесіне 2018 жылдың екінші жартысында көшеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Инфрақұрылымға келер болсақ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы көрмеден қалған павильондарды кеңселік ғимараттарға лайықтауға міндетті. Ондағы үшінші және төртінші павильондардың АХҚО-ға тиесілі екені белгілі. Менің ойымша, келесі жылдың екінші жартысында көше бастаймыз», - деді «Астана» халықаралық қаржы орталығының  (АХҚО) басқарушысы Қайрат Келімбетов ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен «ЭКСПО-2017 мұрасы» атты дөңгелек үстелде.

Келімбетовтың айтуынша, АХҚО-ның уақытша кеңсесі «Зүбәржат орамы» әкімшілік ғимаратында орналасқан.

Соңғы жаңалықтар