«Астана» қаржы орталығының 25% Шанхай биржасына тиесілі болмақ - Келімбетов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шанхай биржасы «Астана» халықаралық қаржы орталығының 25 пайыздық үлесіне ие болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Желтоқсан айының басында, 5 желтоқсан күні инвестициялық конференция өткіземіз. Аталған конференцияға Шанхай биржасының өкілдерін шақырамыз. Олар біздің орталық құрылымында 25 пайыздық үлеске ие болады. Жыл соңында үлестік қатысу бойынша толық құрылымды қабылдаймыз», - деді «Астана» халықаралық қаржы орталығының басқарушысы Қайрат Келімбетов ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен «ЭКСПО-2017 мұрасы» дөңгелек үстелінде.

Оның айтуынша, қазірдің өзінде NASDAQ биржасы, Жібек жолы қоры және өзге де ұйымдар АХҚО-ға үлкен қызығушылық танытып отыр.

«Ынтымақтастыққа келер болсақ, Мәскеу биржасымен тығыз ынтымақтастық пен түсінушілік және достық қарым-қатынас бар. Олар бізге қаржылық қызметтердің өңірлік хабын құруда көмектесті. Алдағы уақытта блокчейн технологиялары секілді жаңа технологияларды дамыта түспекпіз. Келесі аптада ортақ шаралар ұйымдастырамыз және келесі жылы Мәскеу биржасының жаңа әзірлемелерін Астанада көрсететін боламыз», - деп атап өтті АХҚО басқарушысы.

«Менің ойымша, біздің бөлімде түрлі биржа өкілдері неғұрлым көбірек болса, экономикалық кеңістігіміздегі экономикалық даму соғұрлым жақсара түседі», - деп өз сөзін толықтырды Қ.Келімбетов.

Соңғы жаңалықтар