Астана қаласында жаңа университеттің 1-кезегі құрылысына бюджеттен 17,7 млрд. теңге қарастырылған

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 14-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/  - 2010 жылғы республикалық бюджет жобасы бойынша Астана қаласындағы жаңа университеттің 1-кезегі құрылысын аяқтауға 17,7 млрд. теңге қарастырылған.

Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «2010-2012 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасының таныстырылымы барысында мәлім болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жалпы алғанда, 2010-2012 жылдары білім беру ұйымдарында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді қаржыландыруға жалпы сомасы 1,3 млрд. теңге қаражат қарастырылған. 20 интеллектуалдық мектеп құруды қаржыландыру, оның ішінде 2010 жылы - 13,5 млрд. теңге, 2011 жылы 7,1 млрд. теңге көзделеді. Бұдан басқа, мектеп, балабақша, кәсіптік мектептер салуға, сондай-ақ білім беру нысандарын сейсмикалық күшейтуге нысаналы трансферттер қарастырылады. Бұл бағытта жергілікті бюджеттерге 116,2 млрд. теңге бөлінсе, оның ішінде 2010 жылы - 39,8 млрд. теңге, 2011 жылы - 38,2 млрд. теңге, ал 2012 жылы 38,2 млрд. теңге  жоспарланған.

«Халықаралық деңгейдегі кадрларды даярлау мақсатында Астана қаласында жаңа университеттің 1-кезегінің құрылысын аяқтауға 17,7 млрд. теңге жоспарланып отыр. Ал ғылыми жобаларды гранттық қаржыландыруға 2010-2012 жылдар аралығында жыл сайын 5 млрд. теңге қаражат жұмсалатын болады», деді Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Бақыт Сұлтанов.

Соңғы жаңалықтар