Астана қаласы маңындағы тұрғын үй алабына автобус қатынасы шектелді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана маңындағы "Лесная поляна" тұрғын үй алабының тұрғындарына автобус қатынасында орын алған өзгерістер ескертілді, деп хабарлайды КазАқпарат.

"Ертеңнен бастап жөндеу жұмыстары жүргізілуіне байланысты "Лесная поляна" тұрғын үй алабына автобустардың қатынауы шектеледі", - деп мәлімдеді "Астана LRT" компаниясының баспасөз қызметі.

Осылайша, №302, 303 бағыттарындағы автобустар "Лесная поляна" тұрғын үй алабына апаратын жергілікті өтпе жолға кірмей, Республика көшесімен жүретін болады.

Бағыттардағы қозғалыстың қалпына келуі туралы ақпаратты компания қосымша хабарлайды.

Соңғы жаңалықтар