Астана қаласы маңындағы елді мекендерді дамыту жоспары алдағы бюджетке енбей отыр - С. Жалмағамбетова

None
None
АСТАНА. 7 желтоқсан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Астана қаласының маңындағы елді мекендерді дамыту жоспары алдағы бюджетке енбей отыр.

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында Үкімет басшысының атына сауал жолдаған сенатор Светлана Жалмағамбетова осылай мәлім етті.

«Мені Астана қаласының маңындағы Ақмола облысына қарасты елді мекендерді дамытудың 2011-2014 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешендік жоспарының атқарылу барысы алаңдатады. Кешенді жоспарға сәйкес, 2012 жылы республикалық бюджет есебінен 30 шара жүзеге асуы тиіс еді. Алайда, бюджетке бұның тек үштен бірі ғана еніп отыр», - дейді С. Жалмағамбетова.

Сенатордың айтуынша, 2012 жылға елді мекендерді электрмен жабдықтаудың бір де бір жобалары енгізілмеген. Ал кешенді жоспарда 2012 жылға 1,83 млрд. теңге қарастырылуы тиіс еді. Бұдан бөлек, елді мекендердің жол желілеріне қажетті 2,625 млрд теңге де бөлінбей отыр. «Осындай олқылықтардың салдарынан әсем Астананың маңындағы соңғы 10 жылда бой түзген үйлер жарықсыз, жолсыз қалған. Бұған баса назар аударылуы керек», - деді С. Жалмағамбетова.

Соңғы жаңалықтар