Астана қаласы маңындағы елді мекендерде алаяқтық қылмыс өршіп тұр

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Астана қаласы маңындағы елді мекендерде алаяқтық қылмыс өршіп тұр, деп хабарлайды облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Ведомствоның мәліметіне қарағанда, соңғы кездері Целиноград ауданында алаяқтық қылмыстар белең ала бастаған көрінеді. Әсіресе, Қоянды, Талапкер, Қосшы және Қараөткел елді мекендерінде жер телімін сатамын деп ақшасын алып, артынан ізім-ғайып болып кететіндер саны көбейген.

"2012 жылы Қосшы селосында Тайпақов есімді азамат жер мәселесін шешіп беремін деп жеті адамның әрбіреуінен 900 мың теңгеден ақша алып, ізін суытты. Алайда аңкауларды сендіріп, алаяқтықпен байымақ болған азаматтың әрекетінен түк шықпады. Құқық қорғау органдарының құрығына түскен ол 3 жылға бас бостандығынан айырылды", - дейді прокуратура қызметкерлері.

Сонымен қатар прокуратура қызметкерлері өңірде телефон алаяқтығының да өршіп тұрғанын айтуда. Олар көбіне аңқау тұрғындарға қоңырау шалып, туысы не баласының полицияға немесе жол апатына түсіп қалғанын айтып сендіреді. Сөйтіп, олардан ақшаны біреу арқылы алып немесе ұялы телефон нөміріне бірлік салғызу арқылы жымқырып кететін көрінеді.

Соңғы жаңалықтар