Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 16 °С
Алматы: 22 °С
USD 340.27 EUR 396.31
RUB 5.39 CNY 52.39
Жаңалықтар

Астана қалалық құрылыс басқармасының басшысы өмірден озды

2018 жылғы 3 қаңтар 11:18 1651
Бөлісіңіз:
Астана қалалық құрылыс басқармасының басшысы өмірден озды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда әкімдігінің баспасөз қызметі Астана қалалық құрылыс басқармасының басшысы Талғат Рысбековтің қайтыс болғанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Өмірден озған Талғат Тастыбайұлы Целиноград инженерлік-құрылыс институтын, Д.Қонаев атындағы университетті бітірген. Ол әр жылдары  «ҚР Бас прокуратурасы қорғаныс және қауіпсіздік бөлімі қаржы және материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының» бас маманы, ҚР Бас прокуратурасы жанындағы Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы күрделі құрылыс бөлімінің бастығы, «Астана қалалық құрылыс басқармасы» МБ бастығының орынбасары, Астана қалалық тұрғын үй инспекциясы басқармасының басшысы қызметтерін атқарған. 2015 жылдың тамызынан бері Астана қалалық құрылыс басқармасына басшылық жасаған еді.

 

 


Басты сөздер: Қоғам, Астана,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Онлайн қызметкерлер
Редактор
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
Редактор
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
Мұрағат