Астана қалалық Кедендік бақылау департаментінде «Тілге құрмет - елге құрмет!» атты семинар өтеді

None
None
АСТАНА. Қыркүйектің 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -  Қазақстан халқы тілдерінің мерекесіне орай Астана қаласы Кедендік бақылау департаментінің «Астана кедендік рәсімдеу орталығы» кеден бекетінде «Тілге құрмет - елге құрмет» атты семинар өткізіледі,

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қыркүйектің 21-іне жоспарланған аталмыш шара барысында департаменттің мемлекеттік тілді дамытуда атқарып жатқан шаралары туралы әңгіме болып, оның соңы қызметкерлердің қатысуымен ұйымдастырылған мерекелік концертке ұласады. Бұдан басқа, мемлекеттік тілден ашық сабақтар және тіл мерекесіне байланысты әр ұлт өкілдерінен тұратын кеденшілердің әзірлеген бағдарламасы өтеді деп жоспарлануда. Тоқтала кететін жәйт, Қалалық кеден департаментінде бүгінгі күні мемлекеттік тілдегі құжат айналымына баса мән беріліп, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейту бағытында шаралар атқарылуда. Сонымен қатар, департаментте жан-жақты жабдықталған тілдік-лингафондық кабинеттер ашылған. Аталмыш кабинетте өзге ұлт өкілдерін құрайтын кеден қызметкерлері бос уақытында мемлекеттік тілді үйреніп, кедендік салаға қатысты қазақша терминдерді жиі пайдалануға машықтанады. Жалпы, департаментте мемлекеттік тілді оқып-үйренуге қолайлы жағдайлар жасалуда.

Соңғы жаңалықтар