Астана қалалық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері сайланды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қалалық мәслихаттың регламентіне сәйкес 15 қаңтарда Астана қаласының сайлау комиссиялары мүшелерінің өкілеттіктерінің аяқталуына байланысты алтыншы шақырылған Астана қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Мәслихат қаланың сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Осы жұмыс аясында қалалық мәслихат депутаттары мен мәслихат аппаратының қызметкерлерінен Астана қаласының аумақтық, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау жөніндегі Уақытша комиссия құрылды.

Бұдан басқа, қалалық баспасөз басылымдарында және мәслихат сайтында сайлау комиссияларын құру тәртібі туралы хабарлама орналастырылды, сайлау комиссияларының орналасқан жері мен олардың құрамы бойынша ұсыныстар беру мерзімі көрсетілген тізбесі жарияланды.null

Астанада 309 сайлау комиссиясы, оның ішінде бес аумақтық (қалалық және 4 аудандық), 304 учаскелік сайлау комиссиясы, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының шетелдердегі өкілеттіктері жанындағы 65 сайлау комиссиясы және Астана аумағындағы 239 сайлау комиссиясы құрылды.

Аумақтық комиссиялар 7 адамнан тұрады, ҚР өкілдіктерінің жанында учаскелік сайлау комиссиялары 5 адамнан, учаскелік комиссиялар осы сайлау учаскесіндегі сайлаушылардың санына байланысты жеті адамнан он бір адамға дейін құрылады. Комиссияның өкілеттік мерзімі 5 жылды құрайды.null

Мәслихатқа барлығы кандидатуралар бойынша 2 833, оның ішінде саяси партиялардан 1 109, қоғамдық бірлестіктерден - 1 399, қалалық сайлау комиссияларынан 325 ұсыныс түсті.

Сайлау комиссияларының құрамына ұсынылатын кандидаттардың тізімін бес саяси партия: «Нұр Отан», «Ақ жол» ДКП, «Ауыл» Қазақстан әлеуметтік - демократиялық партиясы, «Бірлік», КХКП, сондай-ақ, 12 қоғамдық бірлестік пен қалалық сайлау комиссиясы ұсынды.null

Саяси партиялар мен қоғамдық бірлестіктер сайлау комиссиялары мүшелерінің құрамы бойынша ұсыныстар енгізу кезінде меритократия, жұмыста сабақтастық және жастардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуы есебінен жаңарту қағидаттары ескерілді, гендерлік теңдік сақталды.null

Астана қаласы мәслихатының шешімдерімен Астана қаласының аумақтық сайлау комиссиясының, төрт аудандық сайлау комиссияларының, Астана қаласының аумағында орналасқан 239 учаскелік сайлау комиссиясының және Қазақстан Республикасының шетелдердегі өкілеттіктері жанында құрылған 65 учаскелік сайлау комиссиясының мүшелері сайланды.

Соңғы жаңалықтар