Астана IT-қызметтер саласын жылдам меңгеріп жатыр

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда IT-қызметтер саласын шұғыл түрде меңгеруде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Energyprom сайтына сілтеме жасап.

Алғашқы жартыжылдықтың нәтижелеріне сәйкес, сектордағы компьютерлік бағдарламалау, консультациялық және өзге де қызметтер 75,6 млрд теңгені құраған. Бұл өткен жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда 21% жоғары.

Қызметтердің 85% елдің екі ірі қаласында көрсетіледі. Өткен жылы Алматыда 53,4% болса, биыл 46,6%. Ал Астанада биыл - 38,4%, бір жыл бұрын 30,8% болған.

Астанадағы IT-қызметтердің өсу қарқыны оңтүстік астанамен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Алматыдағы қызметтер көлемі 35,2 млрд теңгеге және қосымша қосышма 5,5% жетті, ал Астанада - 29,1 м млрд теңгені құрады, яғни үлес мөлшері бір жылда 50,9% артқан.

Сектордағы қызметтердің негізгі көлемі бағдарламалық қамсыздандыруды өңдеуге кеткен. Яғни көрсеткіш 56,8% немесе 42,9 млрд теңгеге жетті. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 31% жоғары.

Сондай-ақ, IT саласындағы консультациялық және практикалық қызметтер 10,9% айналасында болады. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 16% төмен. Сектордағы қызметтердің 13,4% халық есебінен көрсетілген.

Соңғы жаңалықтар