Астана іргесіндегі ауылда 3 млн теңгенің мүлкі ұрланды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында пәтерден 3 миллион теңгенің мүлкі мен ақшасын тонаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, Целиноград аудандық полиция бөліміне Қосшы ауылының тұрғыны арызданып, пәтерінен жеке мүліктері, оның ішінде ақша және алтын бұйымдары ұрланғанын айтқан. Зардап шегушінің сөзінше шығын көлемі 3 000 000 теңгені құраған.

«Оқиға орнында болған полицейлер ұрының пәтерге пластикалық терезені бұзып кіргенін анықтады. Жедел-іздестіру шарасы барысында зардап шеккен әйелдің ауылдасы 52 жастағы күдікті ұсталды. Күдіктінің бұған дейінде мүлік ұрлығы бойынша сотты болғаны анықталды. Қазіргі кезде, осы оқиғаға байланысты ҚР 188-бабының 3-бөлігі бойынша (ұрлық) із қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сонымен қатар, күдіктінің облыс аумағында осындай өзге қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталу үстінде», дейді ПД баспасөз қызметіндегілер.

Соңғы жаңалықтар