Астана іргесіндегі 20 елді мекенде газ тарту жұмыстары басталады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - 2019 жылдан Ақмола облысының Аршалы және Целиноград аудандарының 130 мың адам тұратын 20 елді мекеніне газ тарту жұмыстары басталады. Бұл туралы аймақ басшысы Мәлік Мырзалин тұрғындар алдындағы есепті кездесуінде айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысының айтуынша, Астана маңындағы аудандарды газдандыру Мемлекет басшысының тапсырмасымен ауқымды «Сарыарқа» магистральды газ құбырын тарту жобасы аясында іске аспақ.

«2019 жылдан Ақмола облысының Аршалы және Целиноград аудандарының 130 мың адам тұратын 20 елді мекеніне газ тарту жұмыстары басталады. Қазіргі кезде газ тарату желісінің 1-ші кезеңі бойынша жобалық сметалық құжаттамаларды әзірленуде», деп атап өтті Мәлік Мырзалин.

Еске сала кетейік, «Қызылорда - Қарағанды - Астана» магистральды газ құбырының 1-учаскесінің құрылысы аясында 2019 жылы «Аршалы» автоматты газ үлестіру стансасынан, сондай-ақ «Астана» 1-ші және 2-ші автоматты газ үлестіру стансаларынан Аршалы, Целиноград аудандарын газдандыру мүмкіндігі туындайды.

Соңғы жаңалықтар