Астана іргесіндегі 20 ауылға газ тартылады

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола өңірінің басшысы Мәлік Мырзалин мәслихат депутаттары алдындағы есептік кездесуінде өңірдің дамуы және алдағы перспективалары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аймақ басшысы облыс елді мекендерін сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесі, сондай-ақ газдандыру бойынша жобаны жүзеге асыру перспективаларына тоқталды.

«Астаналық елді мекендерді бір орталықтандырылған сумен жабдықтау бағытында  35 жоба жүзеге асырылуда, оның ішінде  10 жобаны биыл аяқтау жоспарланған. Ұзындығы 220 шақырым су құбыры және 21 шақыры кәріз желісі салынады», - деді аймақ басшысы.

Сонымен қатар, М.Мырзалиннің сөзіне қарағанда өңірде Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған елді одан әрі газдандыру бойынша әлеуметтік жобасына да көңіл бөлінуде. Аталмыш «Сарыарқа» жобасы шеңберінде келер жылдан бастап, Аршалы және Целиноград аудандары аумағындағы 20 елді мекенге газ тарту жұмыстары қолға алынбақ.

Айта кетейік, өңір әкімі  облыстық мәслихат депутаттарымен кездесуінде, сондай-ақ Көкшетау жəне Астана маңындағы елді мекендерді дамыту жоспарымен бөліскен болатын. 

Соңғы жаңалықтар