Астана іргесінде кəріз жүйесінен атқылаған лай су тоқтатылды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Қосшы кентінде кəріз жүйесінен шыққан ақау жойылды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат" ХАА тілшісі облыстық ішкі саясат басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жақында кенттің "VIP" қалашығындағы кəріз жүйесінің құдығынан ақау шығып, лай су сыртқа жайылған болатын. Жергілікті коммуналдық кəсіпорынның директоры Кайрат Бижановтың айтуынша, ақау кəріздік лай суларды айдайтын насостың істен шығуынан орын алған. 6-7 наурыз күндері аралығында ақау жойылды.

Инженерлік желіні орнату бойынша құрылыс жұмыстары кезінде қателікке жол берілді деген тұрғындардың уəжіне Қосшы селолық округінің əкімі: "Су өткізу жəне кəріз жүйесінің құрылысы 2010 жылы қолға алынды. Аталмыш жоба мемлекеттік сараптамадан өтті", - деп отыр.

Қазіргі кезде, кəріздік насос стансысы мен кəріз жүйесі штаттық режімде жұмыс істеуде.

Соңғы жаңалықтар