Астана іргесінде бүркітшілердің жарысы өтіп жатыр

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорда іргесіндегі Қоянды ауылының аумағында әйгілі құсбегіші Күнтуған Тоқтыбайұлын еске алуға арналған бүркітшілердің халықаралық турнирі өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Осымен 4-рет өткізіліп отырған халықаралық турнирге еліміздің 10 облысынан келген 30-ға жуық бүркітші қатысуда. Оның ішінде Моңғолия елінен келген 2 бүркітші бар.

Айтулы бәсекенің жалпы жүлде 500 мың теңгені құрайды және ол бірнеше кезеңнен тұрады, атап айтқанда бүркітті қолға шақыру, еркін ұшыру және шырғаға салу. Одан бөлек бүркітті қоян мен түлкіге салу. Сонымен қатар, қаршыға мен ителгіні қолға шақыру мен кептерге салу және далбайға ойнатудан бақ сынауда.

«Әлемде бойынша бүркіт салу спорт түрі ретінде 3-4 елде ғана тіркелген, соның бірі біздің ел. Құспегілікті спорт түрінде дамытудың басты мақсаты атадан қалған бүркіт салу дәстүрін жоғалтпай сақтау. Бүгінгі жарысқа келсек, бұнда еліміздің әр өңірінен ең үздіктері қатысуда. Екі күн бойы болатын бәсекенің нәтижесінде жеңімпаз атанған бүркітшілер еліміздің атынан басқа да халықаралық бәсекеге қатысатын болады», - деді ҚР Ұлттық спорт түрлері қауымдастығының атқарушы директоры Рахат Жақсыбай.
 null  

Р. Жақсыбай жыл соңына дейін Таразда жастар арасында бүркітшілер байқауы мен Алматыда ІІ Азия чемпионатының өтетінін де айтып өтті.

Еске салсақ, өткен жылы аталған турнирде Жамбыл облысынан келген жас бүркітші Серікболсын Жалғасұлы жеңімпаз атанған болатын.

null null  

Соңғы жаңалықтар