Astana Hub стартаптары Минскі инвесторларын қызықтырды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2018 жылдың 14 - 18 мамырында Минск қаласында (Беларусь Республикасы) «ТИБО-2018» халықаралық АКТ форумы өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Зерде» инфокоммуникациялық  холдингінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Форум жыл сайын өтеді және ақпараттық технологиялар саласында жаңа жетістіктер мен алдыңғы қатарлы тәжірибе алаңы іспеттес.

Қазақстанның инновациялық экожүйесінің өкілдері Беларусь елінің инновациялық қызметінің негізгі өкілдерімен бірігіп қызмет ету мүмкіндіктерін талқылау және халықаралық іскер әрі әріптестік байланыстар орнату үшін форумға қатысты.

Қазақстандық делегацияның құрамында Astana Hub халықаралық технопаркінің стартап-жобасының 5 өкілі, атап айтқанда: Jaybox - мобильдік проекциялық компьютер, Eventum.one - билеттерді сатуды автоматтандыру бойынша бұлттық шешімдер және event- индустриясы саласындағы маркетинг, Game of Drones - дрондарды басқарудың онлайн ойындары, Смарт жанармай бекеті - клиенттерге жанармайды өз автомобилінен шықпай-ақ, арзан құюға көмектесетін мобильдік қосымша және AI Labs - виртуалды құрылған ассисенті бар омниканалды байланыс-орталығы болды.

Көрме барысында командалар өз жобаларын қорғады және әлуетті клиенттермен, әріптестермен және инвесторлармен іскер байланыс орнатты. Көптеген стартаптар үшін бұл жоба презентациясын халықаралық аумақта қорғаудың алғашқы тәжірибесі болды.

Eventum.one жобасының өкілі Алишер Омербаев: «Форумнан алатын ең көп пайда - бұл нетворкинг, біз тәжірибелі әзірлеушілермен, бағдарламашылармен тілдестік, бұл жерде нарық қалай жұмыс істейтінін көрдік, сараптама алдық. Өйткені біз бұрын тек Қазақстан нарығындағы жүйені жоспарладық, өңдедік, ал қазір халықаралық нарықта да көп нәрсе түсінеміз»,-деді.

Сонымен қатар, «ТИБО - 2018» көрмесінің шеңберінде Беларусь-Қазақстан ІТ-форумы өтті, мұнда қазақстандық делегация өкілдері сөз сөйледі - Ақпарат және коммуникация вице-министрі Дарын Тұяқов, Ақпараттандыру департаменті басқармасының басшысы Арайлым Мұсаева және «ҰАХ «Зерде» АҚ Басқармасы төрағасының орынбасары Павел Коктышев. Форум барысында Astana Hub технопаркінің қызметі көрсетілді және технопарк шеңберінде халықаралық ынтымақтастық мәлім болды.

Соңғы жаңалықтар