Astana Hub стартаперлерінің жетістіктері мен сәтсіздіктері белгілі болды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Astana Hub» ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркінің қолдауымен өткізілген бірінші бағдарлама түлектерінің жетістіктері мен сәтсіздіктері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы бізге 13 жоба келіп түсті. Дегенмен, олардың барлығы да соңына дейін жетпеді, кейбір жобалар жабылды. Өте жақсы жобалар да бар, енді біреулері басқа бағдарламаға ауысты. Бүгінде іске қосылған жобалар да бар. Олар алдағы уақытта Astana Hub қатысушылары болады. Біз олардың жетістіктерін қадағалап отырамыз», - деді бағдарлама түлектерінің құрметіне арналған шарада «Astana Hub» ІТ-стартаптардың халықаралық технопаркі» корпоративтік қорының бас директоры Мағжан Мәдиев.

Оның атап өтуінше, екі жоба жабылған.

«Статистика бойынша стартаптың тым болмағанда біреуі табысты болса өте жақсы. Әзірше, бізде екі жоба жабылу туралы шешім қабылдады. Өйткені, олар біздің сарапшылармен жұмыс істеген кезде өздерінің бизнес-модельдерінің келешегі жоқ екенін түсінді», - деді ол.
null

Мағжан Мәдиевтің айтуынша, акселераторлардың екінші кезегіне өтінім қабылдау мамыр айының соңына дейін жалғасып, маусым айында жұмыс басталады.

«Біз жобаларды қаржыландырмаймыз. Оларға білім, кеңселік кеңістік сияқты қолдаулар көрсетеміз. Ал шетелідк жобаларды күзде шақырмақпыз. Яғни, үшінші кезек қыркүйек айында басталады», - деді корпоративтік қордың бас директоры.

Айта кетейік, ағымдағы жылдың 7 сәуірінде стартап-жобаларды инкубациялауға арналған «Garage» тегін бағдарламасы іске қосылған болатын.

nullnull

Соңғы жаңалықтар