+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Astana Hub өңірлердегі жас кәсіпкерлердің біліктілігін арттырмақ

2019 жылғы 14 қараша 18:05
Бөлісіңіз:
Astana Hub өңірлердегі жас кәсіпкерлердің біліктілігін арттырмақ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркі еліміздің өңір орталықтарына барады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталған ұйым «Startap Sapary» атты бағдарламасымен IT саласындағы идеясы бар барлық жас кәсіпкерлер үшін «Стартап мектебі» курсын ұсыну үшін Қазақстанның өңір орталықтарын араламақ.

«Біз елдегі технологиялық стартаптарды дамыту бойынша қолдау шаралары бойынша белсенді жұмыс істеп жатырмыз. Технопаркте акселерация, инкубация сияқты стартаптарды дамытудың ақысыз бағдарламалары бар. Олар бойынша оқыту тегін. Сондай-ақ, жақында біз өңірлер үшін онлайн оқыту өткіздік. Жыл ішінде стартаптардың жұмыс нәтижесі -17 миллиард теңгеден астам сомаға өз жобаларын дамытуға инвестиция тарту және 1000-нан астам жұмыс орындарын құру. Бүгін біздің сарапшылар командасы өз білімдерімен бөлісуге және өз тәжірибелерін еліміздің өңірлеріне таратуға дайын. Startup Sapary бағдарламасының қорытындысы бойынша біз әр өңір үшін жеке IT-кәсіпкерлікті дамыту жоспарын әзірлеуді жоспарлап отырмыз»,- деді Astana Hub IT-стартаптар халықаралық технопаркінің басқарушы директоры Марлен Сихаев.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, бір ай ішінде Astana Hub командасы елдің 17 өңіріне барады. Сапар кестесі Технопарктің сайтында жарияланған. Startup Sapary бағдарламасы Петропавлда, Атырау мен Қызылордада, Түркістан, Орал мен Ақтауда таныстырылды. Технопарк командасы Қарағанды, Көкшетау, Тараз, Өскемен, Павлодар және Талдықорған қалаларына жол тартпақ.



Болашақта Astana Hub технопаркі Қазақстанда ІТ-кәсіпкерлікті дамыту мен бірлескен жобаларды құру үшін өңірлердің технопарктерімен тығыз ынтымақтастықты жоспарлап отыр. Сапар қорытындысы бойынша Astana Hub технопаркінің оқыту бағдарламалары мен әдіснамасын қамтитын әр өңірді дамыту бойынша жеке ынтымақтастық жоспарын әзірлеу жоспарлануда.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT