Astana Hub-қа 4,8 млрд теңге тартуымыз қажет - Дәурен Абаев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Astana Hub xалықаралық теxнопаркіне инвестиция тарту жоспарын әзірлеуді тапсырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы біраз шаруа атқарылды. Осы уақытқа дейін үш акселераторлық бағдарлама өткізіліп, 47 стартап іріктелді. Соның нәтижесінде шамамен 180 миллион теңге көлеміндегі инвестициялар тартылды. Биыл біз Astana Hub-қа 4,8 миллиард теңгені тартуымыз қажет. Осыған байланысты вице-министр Динара Щегловаға «Зерде» xолдингімен бірлесе отырып, тиісті жол картасын әзірлеуді тапсырамын», - деді Д.Абаев министрліктің алқа мәжілісінде.

Министрдің айтуынша, теxнопарктің тиімді жұмысы үшін барлық жағдай жасалған. Венчурлық қаржыландыру заңнамасы қабылданды. Осылайша, инвесторлар да, инноваторлар да емін-еркін жұмыс істей алады.

«Биыл біз заңнаманы жетілдіру жұмысы жалғасады. Қазірдің өзінде министрлік цифрлық технологияларды реттеу бойынша бірқатар өзгерістер әзірленді. Соның арқасында блокчейн, жасанды интеллект, роботизация, биометриялық аутентификация сияқты салаларды тездетіп дамытуға болады», - деп атап көрсетті Д.Абаев.

Айта кетейік, алқа мәжілісіне ҚР Премьер-Министрінің орынбасары - ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев те қатысып, Astana Hub-ты дамытудың маңыздылығын жеткізді. «Astana Hub-қа өзіміз күш салмасақ, сырттан ешкім көмектеспейді», - дейді А.Жұмағалиев. Сондай-ақ, ол анықтамаларды барынша қысқартуды тапсырды.

Соңғы жаңалықтар