«Астана» халықаралық қаржы орталығы ресми қашан ашылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана» халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) халықаралық таныстырылымы 2018 жылдың 5 шілдесінде өтеді. Бұл туралы АХҚО басшысы Қайрат Келімбетов ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен «дөңгелек үстелде» айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазір «Астана» халықаралық қаржы орталығында ұйымдастырушылық жұмыстар жүруде.
«АХҚО халықаралық таныстырылымы келесі жылдың 5 шілдесіне жоспарланған. Бірақ 1 қаңтар күні (2018 жыл - ред.) жұмысымызды ресми бастаймыз», - деді Келімбетов «ЭКСПО-2017 мұрасы» тақырыбындағы шарада.
Оның айуынша, АХҚО бірнеше органдардан құралатын болады. Олардың арасында NASDAQ (америкалық биржа) №3 биржасы, Шанхай биржасының №4 биржасы бар.
"Менің ойымша, аталған серіктестер мен біздің платформа дамудың негізгі аспектілері болмақ. Қытаймен бірлесіп жүзеге асыратын АХҚО биржасы біздің бастамаларымыздың бір бөлігі болады. Сондай-ақ бұл биржа Еуразия экономикалық одағына да қатысты, себебі негізгі нарықтармен бірге, ЕАЭО нарығына да өз қызметімізді ұсынғымыз келеді", - деп атап өтті АХҚО басқарушысы.
Қайрат Келімбетов атап өткендей, ағылшын заңына негізделген арнайы реттеуші механизм бекітілетін болады.
«Астанада дау-дамайларды шешу жөнінде орган құрамыз. Бұл мекемелер Дубай мен Әбу-Дәбидегі органдарға ұқсас болады. Қазір инвесторлар құқығы туралы, біздің өңірде жұмыс істегісі келетін инвесторларды қорғау мәселелері жөнінде пікір алмасып жатырмыз", - деді ол.
Келімбетовтың мәлімдеуінше, түрлі дау-дамайды шешетін мұндай органдардың Астанада екі түрі құрылады.
"Алғашқысы - ағылшын заңына негізделген АХҚО соттары. Олар Лондон, Сингапур, Гонконг, Әбу-Дәби нарықтарында жұмыс істеген аса тәжірибелі маман болулары қажет. Сонымен бірге, халықаралық төрелік (арбитраждық) орталығы құрылады. Аталған барлық мекемелер 2018 жылдың 1 қаңтарында толыққанды жұмыс істей бастайды", - деп түйіндеді сөзін Қайрат Келімбетов.
- Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын төмендету жалғасуда – Алтай Көлгінов
- БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинағы 12,9 триллион теңгеден асты
- Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9% деңгейінде сақтап қалды
- Қазақстанның Даму банкі квазимемлекеттік жобалардың үлесін азайтпақ
-
Ұлттық банк 2021-2022 жылдарға арналған зерттеу бағдарламасын әзірледі
-
Қазақстанға ең көп инвестиция салған 10 мемлекет - зерттеу
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам