Астана халықаралық форумын өткізуге 1,4 млрд теңге жұмсалады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана халықаралық форумын ұйымдастырып, өткізу үшін «QazExpoCongress» ҰК» акционерлік қоғамына 1,4 млрд теңгеден астам (1 440 619 000) нысаналы трансферт жасалады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігінің 2023-2025 жылдарға арналған бюджеті туралы анықтамада айтылған.

Алдағы үш жылда министрлік стратегиялық бағыттан тыс шығыстарға 11,6 млрд теңге жұмсамақшы.

Министрліктің орталық аппараты мен комитеттерін, аумақтық бөлімшелерді ұстауға 7,6 млрд теңге қарастырылған.

Сондай-ақ, 9 тақырып бойынша талдамалық зерттеулер жүргізуге 1,6 млрд теңге, бюджеттік инвестициялық жобаларды бағалап, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және концессия құжаттамасына сараптама жүргізуге 631,9 млн теңге көзделген.

Ал Астана халықаралық форумын ұйымдастыруға 2023 жылы «QazExpoCongress» ҰК» АҚ-ға 1,4 млрд теңгеден астам (1 440 619 000) нысаналы аударым жасау жоспарланып отыр.


Соңғы жаңалықтар