Астана халқының саны 1,3 млн-нан асты

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 2022 жылдың басынан бері елорданың жедел жәрдем стансасы жарты млн-нан астам шақыртуды қабыл алды. Бұл туралы Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшсі.

«Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің ұлттық статистика бюросы департаментінің дерегіне сәйкес, 2022 жылдың 1 қазанында Астана қаласы тұрғындарының саны 1 340 782 адамға жеткен», - деп мәлім етті басқармадан.

Ұсынылған ақпаратқа қарағанда осы жылдың 10 айында елорданың жедел медициналық көмек стансалары шамамамен 550 мың шақыртуға қызмет көрсеткен.

Қалалық стационарларда 120 мыңға жуық адам емделді. 50 мыңнан астам ота жасалды.

Медициналық санитарлық алғашқы көмек ұйымдарына 5 млн-нан астам адам жүгінді.

Оның ішінде 2 млн-нан астам адам белгілі бір сала маманының көмегін алды. 21 ана босанды.


Соңғы жаңалықтар