Астана хабында Электронды үкіметтер альянсы құрылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана мемлекеттік қызмет хабы жыл сайынғы конференциясы аясында Эстония, Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Грузия, Армения және Әзербайжан электронды үкіметті дамыту бойынша практиктер Альянсына бірікті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Практиктер Альянсы «тең теңімен» қағидатына сай Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әдісі бойынша құрылып, аймақтың 7 мемлекет арасында ынтымақтастықты арттыру және мемлекеттік қызмет көрсетуді цифрландыру бойынша тәжірибе алмасуға негізделген.

 «Тең теңімен» қағидаты бойынша оқыту әлеуметтік-экономикалық жағдайлары ұқсас елдер арасында тұрақты түрде тәжірибе алмасуды білдіреді. Альянс мемлекетті цифрландыру мақсатында ортақ шешімдер мен идеялар іздеуге жол ашады. ЭЫДҰ осы мақсаттарға жетуге әркез қолдау көрсетуге әзір», - деді ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік басқару бойынша директорат сарапшысы Жоао Рикардо Васконселос.

Эстонияның электронды үкімет академиясының кеңесі мүшесі Кристин Лейтнердің айтуынша, альянсқа мүше мемлекеттердің өкілдерін өз еліне шақырды. «Альянсқа кіретін елдердің өкілдеріне қазір мемлекеттік қызметтің 99 пайызы онлайн режимде көрсетілетін Эстонияның уәкілетті органдарына таныстыру сапары ұйымдастырылады», - деді ол.
null 

«Зерде» холдингі басқарма төрағасы орынбасары Жанат Жахметова Қазақстанның цифрлы мемлекетті дамытуда елеулі нәтижеге жеткендігін айта отырып, практиктер Альянсы электронды үкіметті дамытуға тың серпін беретініне үміт артатындығын жеткізді.

Бұл Альянсты құру идеясы 2017 жылы мемлекеттік басқару саласы сарапшыларына арналған мемлекеттік қызметтерді цифрландыру бойынша халықаралық семинар кезінде көтерілген. Бұл - Астана хабы құрған екінші Альянс. 2016 жылы Әзербайжан, Грузия және Қазақстан мемлекеттік қызмет көрсету бойынша Альянс құрылып, оның нәтижесінде үш елдегі «бір терезе» қағидаты бойынша үш зерттеу жұмысы жасалған болатын.

Айта кетерлігі, ЭЫДҰ - Астана хабының стратегиялық серіктесі әрі құрылтайшыларының бірі.

«Біз Хабтың мемлекеттік қызметті жетілдіру саласында тәжірибе мен білім алмасу үшін көпжақты, мойындалған тұғырнамаға айналғандығын мақтан етеміз», - деді ЭЫДҰ-ның Мемлекеттік басқару жөніндегі директоратының басшысы Маркос Бонтури.
null 

Соңғы жаңалықтар