Астана хабы пандемия бойынша тәжірибе алмасатын Виртуалды Альянс құрды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астана мемлекеттік қызмет хабы COVID-19 пандемиясымен күресте мемлекеттер үкіметтеріне қолдау көрсету мақсатында практиктердің Виртуалды Альянсын іске қосты. Қазір платформада Еуропалық Одақ, ТМД, Корея Республикасы және халықаралық ұйымдар тәжірибелерін көрсететін практикалық материалдар жинақталған. Виртуалды алаң материалдардың келіп түсуіне байланысты кеңейе түседі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Виртуалды Альянс - Хаб қатысушы елдері мен серіктестерінің зерттеулері, инновациялық шешімдері мен технологиялары жинақталған цифрлы алаң. Қазіргі практиктер альянстары қатысушыларымен өзара әрекеттестік нәтижесінде алынған сараптамалық материалдар пандемия жағдайында мемлекеттік басқару тиімділігін арттыруға, көрсетілетін мемқызмет сапасын көтеруге және олардың салдарын дағдарыстан кейінгі кезеңде жоюға бағытталған.

«Виртуалды Альянс құру қажеттілігі, біріншіден, әлемдегі төтенше жағдайдың ауқымдылығына, екіншіден, сарапшылар мен практиктер тарапынан Хабтағы материалдарға қызығушылық жоғарлауымен, үшіншіден, қазіргі жағдайда тәжірибе алмасу мен инновациялар даярлап, енгізу маңыздылығына байланысты туындады», - делінген баспасөз баянында.

Мәліметке қарағанда, бүгінгі таңда қазіргі жағдай ерекшелігіне қарай мемлекеттік басқарудағы озық инновациялық шешімдер бойынша Хаб бірқатар мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардан ақпарат алды. Олар - Әзербайжан, Армения, Грекия, Қазақстан, Португалия, Корея Республикасы және БҰҰ еріктілерге арналған бағдарламасы (UNV), Халықаралық персоналды басқару ассоциациясы (IPMA-HR, АҚШ) және GmbH инновациялар бойыша DO мектеп-зертханасы (Германия).

Мәселен, әзербайжандық әріптестердің карантин кезеңінде азаматтардың қозғалысын онлайн-тіркеу тәжірибесі Қазақстанда қолданыс тапқан. Түркістан әкімдігі осындай жүйені сәтті енгізіп, Қазақстанның басқа аймақтары мен қатысушы –мемлекеттер қызығушылық танытты.

Сонымен қатар, Виртуалды Альянста қатысшуы-елдердегі сәтті кейстер негізінде мемлекеттік басқару, білім беру, медицина және экономика салалары бойынша өзекті сараптамалық және практикалық материалдар жинақталған. Бұл цифрлық алаң үкіметке, серіктестерге, зерттеушілерге және мүдделі тұлғаларға көптеген мемлекеттердің тәжірибелерін зерделеуге және пандемия жағдайында мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған өзіндік ерекше шешім жасауға мүмкіндік береді.

Осы ретте Хаб пандемия кезіндегі үздік тәжірибе жән нәтижелермен бөлісуг шақырады. Хабтың сайтында ұсынылған материалдарды мына сілтеме арқылы таба аласыздар: https://www.astanacivilservicehub.org/ru/page/covid-19


Соңғы жаңалықтар