«Астана Хабқа» 49 млн теңге инвестиция тартылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Астана Хаб» технологиялық паркіне 49 млн теңге инвестиция тартылды. Бұл туралы бүгін Мәжілістегі «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасына арналған Үкімет сағатында ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Биылғы жылдың 6 қарашасында Мемлекет басшысының қатысуымен «Астана Хаб» технологиялық паркі ашылды. Оның аясында осы жылы екі акселерациялық бағдарлама өткізілді. 49 млн теңге инвестиция тартылып, 20 стартап-жоба іріктелді. Қазіргі уақытта үшінші бағдарлама өткізіліп жатыр. Ол бойынша 38 жоба іріктелді», - деді ол.

Оның атап өтуінше, экожүйе стартапының толыққанды қызмет етуі мақсатында осы жылдың шілде айында «Венчурлық қаржыландыру жөніндегі» өте маңызды заң қабылданды. Заң бойынша венчурлық инвестициялардың нормасы белгіленіп, Астана хабтың шетелдік қатысушыларына еңбек тәртібі мен визалық бағытта жеңілдіктер жасалды. Бұл шетелдік резиденттер мен сарапшыларды біздің елге тарту мақсатында қолға алынған шара. Сондай-ақ, технопарк қатысушылары үшін салықтық жеңілдіктер қарастырылған.

«Басым бағаттардың бірі ретінде Астана хабтағы зертханаларды атауға болады. Отандық және шетелдік ІТ-компаниялардың зерттеу орталықтары да сонда орналасқан. Олар ғылыми-зерттеу жұмыстарымен алаңсыз айналысады. Қазір Астана хабта IBM, Cisco, NOKIA, Huawei және тағы басқа компаниялардың зертханалары мен зерттеу орталықтары бар», - деді Дәурен Абаев.
null

Сонымен қатар министр Астана хаб базасында ұжымдық инновацияларды дамытуға бағытталған стартаптарды қолдау бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

Соңғы жаңалықтар