Астана ғылыми-фантастикалық фильм алаңы іспетті - The Jerusalem Post

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Израильдің жетекші басылымдарының бірі «The Jerusalem Post» Астана қаласын ғылыми-фантастикалық фильмнің алаңына ұқсатты. «Astana: an architectural playground» мақаласының аңдатпасы Израильдің Қазақстандағы Елшілігінің Фейсбуктегі ресми парақшасында жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

«Астанаға қонып келе жатқан сәт болашақ жайында ғылыми-фантастикалық фильм түсіріп жатқан түсірілім алаңы іспетті: шар немесе «көз» тәріздес ғажайып ғимараттар ғарышқа көз тігіп, жатжұрттық тіршілік иесімен тілдесіп тұрғандай. Ұшар басында сүмбісі бар биік ғимараттар антенналарды еске түсіреді. Түнде қаланың басым бөлігі жалт-жұлт еткен оттармен көмкеріліп, карнавал көңіл-күйін сыйлайды. Көптеген футуристік фильмдер қаланы халық тығыз орналасқан орын ретінде бейнелейді. Алайда Астана дәл осы қалыпты бұзып тұр», - деп жазады басылым. 

Мақаланың ағылшын тіліндегі толық нұсқасымен мына сілтемеге өту арқылы танысуға болады. 

Соңғы жаңалықтар