Астана-Гонконг рейсін ашу шарттары талқылануда

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанада Қазақстан мен Гонконг әуе билігінің өкілдері екі ел арасындағы әуе қатынасы мәселелерін талқылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

Гонконг делегациясын бастап келген Гонконг арнайы әкімшілік ауданы Үкіметінің көлік және үй құрылысы Бюро хатшысының бас көмекшісі Уай Сам Ау ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаевпен жүргізген келіссөз барысында Алматы мен Гонконг әуежайлары арасында жолаушылар мен жүк тасымалдарын арттыру мүмкіндіктерін зерттеуге қызығушылық танытты. Сондай-ақ, кездесу барысында Астана - Гонконг жаңа рейсін ашу шарттары да талқыланды. 

Қазіргі уақытта «Эйр Астана» әуе компаниясының аптасына 3 рет қатынайтын Алматы - Гонконг бағыты бойынша тікелей тұрақты әуе қатынасы бар.

Бұдан бөлек, тараптар білім беру саласы бойынша ынтымақтасу мәселелерін қарастырды. Гонконгтың Халықаралық авиация академиясының президенті Вивиан Карфай Чеунг ұшқыштар мен авиация мамандарын оқыту бағдарламаларымен және оқу орнымен таныстырды.

Соңғы жаңалықтар