26.04.2023 18:19 Астанада балабақша ақысы көтерілуі мүмкін АСТАНА. ҚазАқпарат – Елордада мемлекеттік балабақшаларға ата-ана төлейтін тамақ ақысын өсіру ұсынылды. Бағаны көтерудің себебін Астана қаласы білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев түсіндіріп берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.07.2022 16:56 Пандемиядан кейінгі туризм – елордаға жыл басынан бері 200 мың турист келген НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан 20 жылдан астам уақыт бойы әлемнің көптеген елінен турист келетін тартымды шаһарға айналды. Пандемиядан кейін де елордаға туристер ағыны 30%-ға артып, шетелдік туристер саны 23%-ға артты. ҚазАқпарат агенттігі Нұр-Сұлтандағы туристік саланың дамуы мен танымал орындары туралы шолу ұсынады.
06.07.2022 15:10 «Атамекен»: астанадағы аспан асты кешеніне саяхат НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордадағы «Атамекен» этно-мемориалдық кешенінде еліміздің тарихи-мәдени нысандары мен көрнекі жерлерінің макеті ұсынылған. Онда келушілер Бекет ата мешіті, Байқоңыр ғарыш айлағы, Медеу мұзайдыны, Айша бибі мавзолейі сияқты айтулы нысандардың кішірейтілген үлгісін тамашалай алады. Аталған кешен бүгінде туристердің сүйікті мекеніне айналды. Елорда күніне орай, ҚазАқпарат тілшісі аспан астындағы музейдің жұмысымен танысқан еді.
06.07.2022 14:00 Астана архитектурасы: масондар мистикасы, мифтік және саяси астар НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Осы күнге дейін елорданың сәулеті туралы мақала аз жазылған жоқ. Орынды-орынсыз мадақ та, сын да көп айтылды. Мұндағы елеулі деген ғимараттың бәрі тамырын көне аңыздан, ауыздан-ауызға тарап жеткен мыңжылдық аңсар-армандардан бастау алып жатыр. ҚазАқпарат тілшісі астана күніне орай мәдениеттанушы, жазушы Зира Наурызбаевадан қала архитектурасындағы мифтік сарындардың қаншалықты үйлесім тауып тұрғанын сұрап көрді.
06.07.2022 10:30 Тек бюджетке қарап отыруға болмайды – Алтай Көлгінов НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Нұр-Сұлтан қала күніне қандай жетістіктермен жетті? Қандай жаңа нысандарды пайдалануға беру жоспарланған? Тұрғындардың тыныс-тіршілігін жайлы ету үшін нендей жағдай жасалып, құлағалы тұрған ескі үйлер қашан сүріледі? Қай көшелерді жөндеу жоспарланып отыр? Жалпы, қала тұрғындары үшін осы мерекеде қандай тосынсый болмақ? ҚазАқпарат тілшісіне сұхбат берген қала әкімі Алтай Көлгінов осы сауалдарға егжей-тегжейлі жауап қайтарды.
10.12.2021 12:33 Елбасының архитектуралық шешімдері: Тәуелсіздіктің символына айналған елорданың бірегей ғимараттары НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Астананы Алматыдан Ақмолаға көшірудің негізгі бастамашысы Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев болды. 2003 жылы Елбасының The Wall Street Journal газетіне берген сұхбатында тілшінің жаңа астананы жобалауға қатыстыңыз ба деген сұрағына: «Мен әр ғимаратты, әр сәулет жобасын жобалауға қатыстым. Тіпті ғимараттардың түсін де... Мен сәулетшімін және одан ұялмаймын» деп жауап берді. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында қала әкімдігі сайтының редакциясы Елбасының елордадағы ең үздік архитектуралық шешімдеріне шолу жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
06.07.2021 08:05 Көне де жаңа астана: Нұр-Сұлтанның қазіргі келбеті қалай қалыптасты НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ел астанасындағы көкпен таласқан ғимараттар, пошымы бөлек құрылыстар қазақ жанының сан қырлы қатпарын, қиялының асқақтығын көз алдыңа келеді. Суретке түсіп, өмірінің жарқын сәтін мәңгілікке мөрлегісі келген қалалықтар ыңғайлы орын іздеп әуре болмайды. Қаладағы әрбір ғимараттың өзіндік сәулеті, мазмұны бар. Кейде тіпті әлемнің әр бұрышындағы ең көрікті орындарды Еуразия кіндігіне әкеп тоғыстырға салғандай әсер сыйлайды. ҚазАқпарат қаланың негізгі көрікті жерлері бұрын қандай болғанын, жаңа насандардың қалай салынғанын және тарихи нысандардың қалай өзгергенін еске түсіріп көрді.
03.07.2020 12:02 Елордамыз тәуелсіздіктің, жасампаздық пен бірлік рухының қайнар көзіне айналды - Елбасы НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы баспасөз хатшысы Айдос Үкібай Twitter аккаунтында Астана күніне арналған видеоролик жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.06.2020 14:15 Мердігерді шақырамыз – Арыстың әкімі жарылыстан соң салынған сапасыз үйлер жайлы НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Арыс қаласының әкімі Мұрат Қадырбек жарылыстан кейін салынған үйлердің сапасына шағымдардың түсіп жатқанын растады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.06.2020 13:43 Арыста жарылыстан соң жарамсыз күйде қалған 480 үй салынып, ел игілігіне берілді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Арыстағы жарылыстан кейін зақым келген 7635 үйдің көбі жөнделіп, кейбірі қайта салынып, халықтың игілігіне берілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
24.06.2020 13:06 Арыс оқиғасына бір жыл: Өңірден жарылу қаупі бар 330 мың оқ-дәрі әкетілді НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ҚК Тыл және қару-жарақ басқармасының бастығы Асылбек Сатыбалдинов Арыс қаласындағы төтенше жағдайдың салдарын жоюдың жылдық жұмысының қорытындысын баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.06.2020 05:32 Елордада туристер арасында ең танымал орындар жарияланды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат –Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі туристер арасында ең танымал қаладағы орындарды жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17.10.2019 18:47 Ахметжан Есімов пен Өмірзақ Шөкеев ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Түркістан облысына іссапармен келген «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевпен бірге Арыс және Түркістан қалаларындағы құрылыс нысандарын аралады, деп хабарлайды облыстық әкімдіктің баспасөз қызметі.
01.10.2019 14:55 Алматы әкімі Арыс қаласындағы үйлердің сапасын тексерді АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бақытжан Сағынтаев Алматының бюджеті есебінен салынған үйлердің сапасын тексерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
11.09.2019 12:51 Арыс қаласындағы теміржол вокзалының жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды АРЫС. ҚазАқпарат – Арыс қаласындағы теміржол вокзалының жөндеу жұмыстары толығымен аяқталды. Бүгін еліміздің Премьер-Министрі Асқар Мамин аталған қалаға іс-сапары барысында вокзалды аралап көріп, абаттандыру жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
30.06.2018 09:43 Астана Опера ғимараты: барқыт матасы акустикаға әсер етеді АСТАНА. ҚазАқпарат - Астананың сол жағалауында орналасқан «Астана Опера» театры келушілерді өзінің асқан әсемдігімен таңдандырады. ҚазАқпарат тілшісі елорданың 20 жылдық мерейтойы қарсаңында осынау әсем ғимаратты аралап қайтқан болатын.
19.06.2018 11:46 «Астана-Арена»: Футбол, табиғи көгал, мундиаль... АСТАНА. ҚазАқпарат - Футболдан Әлем чемпионаты Қазақстанға жақын Самара, Екатеринбург, Волгоград сияқты қалаларда өтіп жатқанда миллиондаған жанкүйерлердің сүйікті мундиаліне бір табан жақындап қалған сияқтымыз. FIFA-ның Бәйтерекке ұқсас кубогы өз елімізде ойнатылса екен деген арман да жоқ емес.
08.06.2018 09:46 «Барыс-Арена» - хоккейден Әлем чемпионаты өтетін мұз айдыны АСТАНА. ҚазАқпарат - Астанадағы «Барыс-Аренаны» хоккей жанкүйерлерінің бәрі біледі. Алайда оның ресми атауы олай емес екенін біреуі білсе, біреуі білмес. Сосын жаңа нысанда бір емес, екі бірдей мұз айдыны, сондай-ақ, Олимпиада талаптарына толығымен сай келетін бассейн де бар. Ондай бассейін Орталық Азияда біреу ғана. ҚазАқпарат тілшісі «Астана ғимараттары» атты арнайы жоба аясында «Барыс-Аренаны» аралап, осы жерде болған маңызды оқиғаларды еске алды. Дамир Рыспаевтың үздік жекпе-жектері де назардан тыс қалмады.
07.06.2018 15:30 Министрліктер үйінің авторы: Ең ұзын ғимарат салуды көздеген жоқ едік... АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың ең ұзын ғимараты саналатын Министрліктер үйі қаланың ажырамас бөлшегіне айналды. Ұзындығы 1,5 шақырым, жалпы аумағы - 228 мың шаршы метрді құрайтын бұл ғимаратсыз Астананы елестету мүмкін емес.
07.06.2018 10:03 Елбасы кітапханасы: «NN» кітаптар қоры жайында не білеміз АСТАНА. ҚазАқпарат - Елорданың сәулетті нысандарының бірі ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы кітапханасы орналасқан ғимарат екендігі сөзсіз. Самғау көкке ұмтылған көз жанары іспеттес бірегей нысан осыдан тура 5 жыл бұрын, 2013 жылы британдық танымал сәулетші Норман Фостердің жобасы бойынша бой көтерген еді. Жалпы аумағы 28 мың шаршы метрді құрайтын ғимарат бүгінде Астананың мақтанышына айналып отыр.