«Астана» футбол клубына жаңа спорт директоры тағайындалды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Игорь Павлюк «Астана» футбол командасының спорт директоры қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат клубтың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұған дейін Игорь Владимирович «Астана» ФК негізгі құрама командасының аға әкімшісі және футбол орталығының менеджері қызметтерін атқарған.

Футбол саласындағы мансабын 1997 жылы шортандылық «Автомобилист» командасының кәсіби ойыншысы ретінде бастаған.

2005 жылға дейін «Химик» (Степногор), «Астана» (Астана), «Жеңіс» (Астана), «Ақмола» (Степногор), «Екібастұздық-БК» (Екібастұз), «Есіл» (Көкшетау) «Оқжетпес» (Көкшетау) командаларында өнер көрсеткен.


Фото: Астана ФК
Соңғы жаңалықтар