«Астана» футбол клубы жолдастық кездесуде швециялық клубқа есе жіберді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен араб әмірліктеріндегі екінші жиында «Астана» командасы швециялық «Хеккенмен» кездесті, деп хабарлайды Sports.kz.

Станимиор Стойлов алғашқы минуттарда алаңға Эрич, Шомко, Аничич, Логвиненко, Шитов, Маевский, Граховац, Кляйнхайслер, Томасов, Твумаси, Деспотович сынды ойыншыларды шығарды. Төртінші минутта «Хеккен» алыстан өте қуатты соққы жасады. Қақпашы Эрич оған төтеп бере алмады. Қазақстан чемпионы қақпаға қарай төне түсті, осы жерде Жуниор Кабананганың орны ойсырап тұрды. Өйткені Кабананганың орнын алмастырған Деспотович бұл позицияда бұрын ойнамаған еді. Екінші таймда қазақстандықтар басым болғанымен олар көп мүмкіндікті пайдалана алмады. Сөйтіп, бұл ойын 2:0 болып, «Хеккеннің» пайдасына шешілді.

«Астана» командасының келесі қарсыласы қытайлық «Ляонинь» клубы болмақ.

Соңғы жаңалықтар