«Астана» футбол клубы келесі маусымға бюджетін жариялады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық «Астана» футбол клубы келесі маусымға арналған бюджеті туралы мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бірқатар БАҚ «Астана» футбол клубының 15 миллиардтық бюджеті туралы ақпарат жариялады. Клуб бұл сома асыра айтылғанын мәлімдейді: клубтың 2021 жылға арналған бюджеті – 5 миллиард теңге», - делінген астаналық клубтың ресми сайтындағы хабарламада.

Еске сала кетейік, КПЛ-2021 қорытындысы бойынша, «Астана» екінші орын алды. Бірінші орында – қостанайлық «Тобыл». Біріншілік аяқталғаннан кейін бас жаттықтырушы Андрей Тихонов командадан кетті.


Сурет: fcastana.kz


Соңғы жаңалықтар