«Астана» футбол клубы биылғы маусымда алаңда ең ұзақ ойнаған ойыншыларын анықтады

None
None
АЛМАТЫ. 31 желтоқсан. ҚазАқпарат - «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі биылғы маусымның қорытындысын жариялады.

Алаңда ең ұзақ ойнаған ойыншылар тізімін қақпашы Ненад Эрич бастап тұр. Ол алаңда 3270 минут бойы өз қақпасын қорғаған. Одан кейінгі орындарды қорғаушылар Виктор Дмитриенко (3166 минут), Абзал Бейсебеков (2984 минут), бразилиялық Зелао (2838 минут) пен Валерий Корбкин (2550 минут), Фокси Кетевоама (2523 минут), Қайрат Нұрдәулетов (2386 минут), Марат Шахметов (2297 минут) өзара бөлісуде. Ал қосалқы құрамдағы ойыншылар арасында қорғаушы Әділ Жақыпбеков көш бастауда. 2634 минут бойы алаңда болған оны тек 3 матчта ғана ойынды бірінші минуттан емес, бапкерлер шешімімен өзге ойыншыларды алмастыру кезінде ойынға араласқан көрінеді. Үздік бестікке сондай-ақ, Жұмажан Мұсабеков (2057 минут), Исламбек Құлекенов (1032 минут), Игорь Попадинец (1870 минут), Бимухамед Бөкеев (1860 минут) еніп отыр.

Соңғы жаңалықтар