«Астана» Францияның «Шамбли» клубын жеңді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Джуниор Кабананганың голы француздық «Шамблиді» жеңуге мүмкіндік берді, деп хабарлайды «SPORTINFORM» САА.

Елордалық команда Францияда жылдың басты матчына - «Реннге» қарсы Еуропа Лигасының топтық кезеңіндегі ақтық сынға дайындалып жатыр. Григорий Бабаянның командасы ойын ырғағын қалыптастыру мақсатында «Шамбли» Лига 3 клубына қарсы жолдастық матч өткізді. Бұл кездесуде шабуылшы Джуниор Кабананга ғана гол салды. Ол Қазақстан чемпионы ретінде қайта оралған сәттен бастап ресми матчтарда әлі бір де бір рет гол салмаған еді.

Еске салайық, 9 желтоқсанда «Ренн» ішкі чемпионат аясында өз алаңында «Дижонды» жеңген болатын.

Соңғы жаңалықтар