«Астана» ФК жасөспірімдердің УЕФА Чемпиондар Лигасына тартысын тікелей көрсетеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 16 қарашада «Астана Арена» спорт кешенінде 2000 жылы туған жасөспірімдерден құралған футбол орталықтары мен академиялары командалары арасында Қазақстан Республикасы Біріншілігінің финалдық кезеңі басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Астана» ФК сайтына сілтеме жасап.

Елордада «Астана», «Қайрат», «Ордабасы» және «Ертіс» командалары өзара бақ сынасады. Жеңіске жеткен команда Кубок пен алтын медальға қол жеткізіп, келесі жылы жасөспірімдер арасындағы Чемпиондар Лигасында ел намысын қорғайтын болады.

Осы орайда «Астана» футбол клубының баспасөз қызметі клубтың youtube арнасында аталмыш ойындардан тікелей көрсетілім жасауды жоспарлап отыр.

Финалдық кезең ойындарының күнтізбесі: 
15 - 20 қараша 2017 жыл
16 қараша (бейсенбі) 
10:00 «Ертіс» - «Ордабасы» 
12:00 «Қайрат» - «Астана» 
18 қараша (сенбі) 
10:00 «Ордабасы» - «Қайрат» 
12:00 «Астана» - «Ертіс» 
20 қараша (дүйсенбі) 
10:00 «Қайрат» - «Ертіс»
12:00 «Астана» - «Ордабасы»

Соңғы жаңалықтар