«Астана фильм» атты жаңа киностудия салынып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ЭКСПО халықаралық көрмесінің кешені аумағында «Астана фильм» атты жаңа жоғары технологиялы киностудияның құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Бүгін халықпен есептік кездесуінде Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«ҚР Тұңғыш Президентінің тапсырмасы бойынша өндірістік мүмкіндіктерді кеңейту мақсатында ЭКСПО халықаралық көрмесінің кешені аумағында «Астана фильм» атты жаңа жоғары технологиялы киностудияның құрылысы бойынша жұмыстар басталды. Бұл үшін қала әкімдігі 23,7 гектар жер бөлді. Бұл жаңа кино өндіруші орталық, сондай-ақ әлемге әйгілі Universal, Disneyland және басқа да үлгідегі ойын-сауық және демалыс саябағы болады», - деді министр.

Оның сөзіне қарағанда, жаңа картиналарды шығаруға арналған барлық өтінімдерді кино саласындағы беделді мамандардан арнайы құрылған Сарапшылық кеңесі қарайды.

Сонымен қатар, іріктеу рәсімінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін кино жобаларды қаржыландыру бойынша ұсыныстарды Үкіметтің жанынан құрылған ведомствоаралық комиссия береді.

«Еліміздің Премьер-Министрі Асқар Маминмен кездесу барысында әлемге әйгілі режиссер, сценарист, продюсер Тимур Бекмамбетов екі кино жобасына продюсер болуға дайын екенін білдіргенін айта кеткім келеді», - деді А. Райымқұлова.

Соңғы жаңалықтар