«Астана» FIBA Еуропа Кубогына қатысушылар тізіміне енді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Шілде айының басында Халықаралық баскетбол федерациясы (FIBA) Еуролигамен мерзімінде өтелмеген төлемдер үшін 2015/16 жылғы маусымдағы клуб жарыстарын өткізу келісімшартын тоқтатқаны туралы мәлімдеді, жарыстарды ұйымдастыру және оларды басқарудың барлық құқықтары мен міндеттері Еуролигадан FIBA-ның Еуропалық бөлімшесі - FIBA Europe-қа өтті.

Бүгінде жарысқа қатысу үшін тіркелген командалардың арасында қазақстандық «Астана», сондай-ақ эстониялық «Калев», чехиялық «Нимбурк» және Беларусьтің «Цмоки-Минскі» бар.

FIBA Еуропа Кубогына тіркелу 30 шілдеде аяқталады, ал жеребе 4 тамыз күні өткізілмек, деп жазады sports.kz.

Соңғы жаңалықтар