«Астана ЭКСПО-2017» логотипі «Эйр Астананың» барлық ұшақтарында болады (ФОТО)

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыдағы әуежай ұшақтұрағында Эмбраер 190 ұшағына Астана ЭКСПО-2017 көрмесінің логотипі орналастырылды. Бұл борт алдағы өтетін халықаралық көрме логотипімен брендтелген алғашқы ұшақтардың бірі, деп хабарлады expo2017astana.com.

Бұл шара «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ және «Эйр Астана» АҚ арасында қол қойылған ынтымақтастық меморандумының аясында жүзеге асырылып отыр. Алдағы уақытта ЭКСПО логотипі компания әуепаркіндегі 30 ұшаққа қойылатын болады. «Эйр Астана» «ЭКСПО-2017 көрмесінің ресми тасымалдаушысы» эксклюзивті мәртебеге ие және «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің ресми серіктесі болып табылады. Бұл меморандумға ағымдағы жылдың 17 тамызында «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясының Басқарма Төрағасы Ахметжан Есімов пен «Эйр Астана» әуекомпаниясының президенті Питер Фостер қол қойды.

Келесі жылдың басынан серіктестер халықаралық деңгейде көрмені ілгерілетуге қатысты арнайы науқанды жүзеге асыруды бастайды деп күтіліп отыр. «Эйр Астана» әуекомпаниясының қазіргі таңда серіктестік жүйесі, оған қоса 40 000 агенттері бар. Сондай-ақ, әуе компаниясының транзиттік жолаушылары көрме өткізілетін күндері көрмені тегін тамашалай алатын болады.

Астанадағы көрме «жасыл» энергетика аясында өтеді, сондықтан энерготұтыну, энергиятиімді технологияларды пайдалану мәселелері іс-шараның басты тақырыбына айналмақ. «Эйр Астана» Президенті Питер Форстердің айтуынша, атмосфераға залалды заттардың шығарылуы әуекомпаниясының басымдылықтарына жататындығын жеткізді. Соңғы әуешоуда Ле Бурже қозғалтқышы зиянды шығынды 15 пайызға қысқартатын NEO отбасына жататын Airbus A320 сатып алу ниетімен бөлескен еді.

«Астана ЭКСПО-2017» компаниясының Қоғаммен байланыс департаменті директорі Сергей Куянов бүгінгі шараның ЭКСПО жобасының дамуы үшін маңыздылығын атап өтіп, ұлттық тасымалдаушымен серіктестік қарым-қатынастың практикалық бастамасы екендігін ескере кетті.

«ЭКСПО-нің бірнеше негізгі мақсаты бар. Олардың қатарында - Қазақстанға келуші туристер санын арттыру, туризмді дамыту. Біз екі миллионнан астам жергілікті және шетелдік туристер келеді деп күтудеміз. Бұл шынайы сандар. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы бірнеше әлемдік туроператорлармен келісімшарт жасап үлгерді. Олар өз кезегінде, 2017 жылы Қазақстанға турларды сататын болады. Бұл ретте, пакеттік турлар ЭКСПО+Бурабай, ЭКСПО+Алматы және т.б. деп ұсынылады», - деді Сергей Куянов.

Департамент директоры сонымен қатар, бүгінгі таңда «Астана ЭКСПО-2017» ҰҚ» АҚ негізгі мақсатты жүзеге асыру мен көрменің ілгерілету бағытында тағы бірнеше ұлттық компаниялармен келісімшартқа қол қойылуын күтіп отырғандығын жеткізді.

Соңғы жаңалықтар